- Негізгі бет
- Егер...
- Аяқ-киімнің иісін кетіргіңіз...
Аяқ-киімнің иісін кетіргіңіз келсе...
Аяқ-киімнен бе, әлде басқадан ба, бүгінгі күні көп адамдарда кездесетін кішкене проблема: «Аяқ-киімнің жағымсыз исі». Ол өзгелерге ғана негативті әсер етіп қоймай, өзіңнің еркін жүруіңе кедергі жасайды. Сондай жағдайда иісті жою жолында бірге күресіп көрелік.
1. Аяқтан, аяқ-киімнен шығатын жағымсыз иістерді жоюда формидронның пайдасы зор. Барлық аяқ- киімдеріңзді, тіпті үй шәркесін де формидронмен тазалаңыз. Күнде тазалап отырғаныңыз жөн. Формидрон дәріханада сатылады.
2. Сутек тотығын мақта немесе шүберекке тамызып, дымқылдап алып, аяқ киімнің ішін тазалап сүртіңіз. Әдіс бірнеше рет қайталап тұруды қажет етеді, өйткені бір процедура аздық етеді. Сутек тотығынан бөлек, бактерияға қарсы, дезодоранттандырылған әсері бар марганец ерітіндісі немесе спирт те жарамды.
3. Жағымсыз иісті жоюға күнделікті қолданыстағы дезодоранттардың да пайдасы бар. Тек ең алдымен, аяқ-киімді сутек тотығымен немес марганец ертіндісімен сүртіп алып, содан кейін дезорандты сепкеніңіз жөн.
4. Бұл жағдайда иіс пен ылғалды өзіне сіңіретін адсорбияға қарсы заттектер де көмектеседі. Көмек құралы ретінде ұнды немесе ас содасын пайдалануға болады. Оларды аяқ-киімнің ішіне сеуіп, екі сағатқа қойып, кейін шаңсорғышпен тазартамыз. Белсендірілген көмір адсорбияға қарсы заттек ретінде қолданылады, бірақ одан кейін аяқ-киімнің ішінде қара дақ қалып қоюы әбден мүмкін. Сондықтан оны қолданбаған да дұрыс.
5. Сірке суы. Сірке суы да жағымсыз иісті жоюшы болып табылады. Мақталарды сірке сумен дымқылдап алып, оларды үш сағатқа аяқ-киімнің ішіне салып қойыңыз. Мақтаны алып тастаған соң, аяқ-киімнің ішін кептіріңіз.
Бұл әдістерді қолданар алдында аяқ-киімнің ішін тазалап жуып алғаныңыз жөн!
Дереккөз: anabol.kz
Г. Берік