Адамдар көбінесе неден қорқады деп ойлайсыз? Жылан, қоңыз, тышқан, биіктік, су, от. Бұлардың барлығы адамдар үшін қатерлі факторлар қатарын құрайды.
Егер адамзаттың ең үздік дизайнері бол десе, барлық күш-қуатыңыз бен зейініңізді адам үшін ең қауіпсіз жоба жасауға саларыңыз анық. Алғашқы адамзаттың ми құрылысын қалай жасар едіңіз?
Оларға қорқу сезімін үйрету. Міне, бұл – олардың өмір сүруінің бірден-бір құпиясы. Қорқуды үйрену – адамдардың ортамен үйлесу үдерісінің басты кезеңі. Өйткені, қорқу психикасы адамға қорған болады.
Бірде зерттеу жүргізген ғалымдар ересектер және балалармен ұзақ уақыт бірге болып, балалардың күнделікті тұрмысын бақылаған. Нәтижесінде, балалар өзі қорыққан құбылысы арқылы, қауіптен аман болғанына көз жеткізген. Яғни биіктіктен қорққан бала, құлап қалу қаупінен ада болған.
Адамда қорқу сезімі туа бітті қалыптасады. Бұрын көптеген психолог адамзат қорқуды жүре келе үйренді деді. Шынтуайтында, үрей психикасы адамда туа бітті пайда болады. Бұл – біздің табиғи қорғану қабілетіміз. Құлап көрмеген бала биіктен қорқпай ма? Керісінше, олар бұрыннан биіктіктен қорқады, сондықтан жығылып көрмеген.
Сіз "егер қорқу психикасы тума қасиет болса, мен неге биіктіктен еш қорықпаймын" деп сұрауыңыз мүмкін. Қорқу сезімі – лездік эффект. Яғни, сіз белгілі дәрежедегі биіктіктен бір сәт қорқып кетуіңіз мүмкін. Алайда үлкен миыңыз толысып, гормондары жетіліп, қысым жиналып, белгілі дәрежеге барғанда ғана бұл қорқу түрі жоққа шығады. Сол себепті үрейге байланысты аурулар жастар арасында байқалмайды.