- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- TOYOTA Corolla Furia...
TOYOTA Corolla Furia көлігі жарияланды
Биылғы Солтүстік Америка көлік жәрмеңкесінде TOYOTA компаниясы да ең жаңа типті көліктерін жариялады. Ең алғашқы болып жариялаған көліктерінің бірі Corolla Furia көлігі. Осы компанияның ішіндегі Corolla көліктерінің сатылым мөлшері әлемде ең жоғары екенін естеріңізге салайық. Бұл жолғы Corolla Furia осы түрдегі көліктердің жаңа қадамға өткендігін білдірмек. Алдағы уақытта Corolla типті көліктер осы негізде шығарылатын болады.
Компанияның орынбасар бас директоры Bill Fay «TOYOTA туының астындағы көліктер бұдан кейін тіпті де дәуірге сай етіп жобаланатын болады. Corolla Furia көлігіне жоғары дәрежелі техника қолданылып жобаланған. Бұл көлік сатылымға шыққан соң, көптеген тұтынушыларды өзіне баурайтын болады» дейді.
Сыртқы пішіміне негізделгенде Corolla Furia адамға 2-3 түрлі түс сыйлайды. Қызыл, қызғылт, қызыл сары тағы сары реңде құбылып тұратын көлік жобасына айтса, айтқандай ерекше техника қолданылғаны белгілі. Жиек сызықтарының айқындығы – бұл түске тіпті де көркемдік қосып тұр.
Көліктің жалпы ұзындығы 4620мм, кеңдігі 1805мм, биіктігі 1425мм айналасында. Дегенмен, бұл көліктің мотор бөлігі жағындағы хабарламалар әлі де құпия.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: paultan.org
Қ. Қауымбек