Басылым редакциясының пікірі бойынша, жаңа A7 Sportback үлгісінің интерьері көрсетілген $67,430 соммадан әлдеқайда қымбат. Ол өте тиянақты орындалып, жұмсақ былғарымен қапталған. Ал құрылғылар тақтасына қарасаң, бәрі қарапайым және түсінікті.
Chrysler 300 Luxury
Бұл тізімге іліккен General Motors компаниясының жалғыз ғана шағын өлшемді машинасы - Chevrolet Sonic болып табылады. Оның ішкі орындалуы кішкентай көлікті визуалды түрде үлкен етіп көрсетіп, жолаушыны үлкен көлікте отырғандай сезімге бөлейді. Chevrolet Sonic дизайны қарапайым машинаның қымбат болып көріне алатынының айқын айғағы.
Hyundai Accent
Иә, бұл көлік барлығымыздың да көңілімізден шығып жүр. Көшеден көрсек, еріксіз жымиямыз. Өйткені өте әдемі. Сыртқы келбетіне іші де сай. Тізімдегі ең арзан көлік бола тұра, интерьерінің қымбат әрі сапалы орындалуымен көзге түсіп отыр. Тіпті, рөлі де былғарымен қапталып, құрылғылар тақтасында орналасқан бірегей кесінді интерьерге әдемілік сыйлап тұрғандай.
Hyundai Azera
Hyundai автоөндірушісінің бұл тізімдегі екінші үлгісі орта өлшеміді Azera седаны. Ward's Auto басылымның пікірінше, оның келбеті бағасы мен сапасына өте сай келіп тұр. Бағасы да аса қымбат емес.
Mazda CX-5
Infiniti JX35
Жанұяға арналған бес орынды артық құрылғылары жоқ әмбебап үлгі. Қымбат әрі салмақты дизайны көлікке ерекше бір дизайн береді.
Volkswagen Beetle
New Beetle үлгісінің екінші ұрпағы техникалық ұсақ-түйектер мен ескі "Жукқа" ғана тән дизайнының керемет үйлесімділігінің жемісі болып табылады. Бұған қоса, көліктегі сан алуан түрлі техникалық құрылғылар жолаушы мен жүргізушінің көңілін көтеріп отырады. Тек аккумуляторы отырмаса болғаны.
Суреттер: usiter.com, auto.bigmir.net