Темекі қораптарынан жасалған Bugatti

Темекі қораптарынан жасалған Bugatti

Адам баласының қиялында шек жоқ. Бұлай айтуға толықтай негіз бар. Алғашқы көлік пайда болғалы бері автоөнеркәсіптің дамуы техника саласы секілді бір сәтке де тоқтамай келеді. Бұның арқасында дүниежүзіндегі жүздеген автоконструкторлар автоәлемінде ерекше бір орын алатын туындыларды жасап, адам баласының бір жерден екінші жерге жайлы әрі тез орын ауыстыруына өз септігін тигізіп отыр. Естеріңізде бар болса, біздің редакция сіздерді әлемдегі ең жүйрік көлік Bugatti Veyron үлгісімен таныстырып өткен болатын. 

Германиядағы  Вольфсбург маңындағы VW-нің сынақ трегінде жаңа Bugatti Veyron Super Sport  жылдамдық бойынша әлем рекордын орнатқан еді – 431 ш/с. Бірақ, бүгінгі таныстырып өтейін деп отырған көлігіміз ондай жылдамдыққа ешқашан да ие болмайды.

Қытай елінде мамырдың 31 жұлдызы шылым шегуге қарсы күн ретінде ұйымдастырылып келеді. Осы күнді қытайлық студенттер өте қызықты етіп өткізген екен. Ксиан университетінің студенттер тобы өздері Bugatti құрастырмақшы болды. Бірақ, олардың құрастырған көліктері итальяндық автоконструкторларының үлгісінен қатты ерекшеленді. Олар жоғары сапалы материалдардың орнына, темекі қораптарын пайдаланып, көп адамның арманын қолдан құраған екен.

Көлікті құрастыруға 10280 темекі қорабы кетіп, темір тұлпардың салмағы 297 келіні құрап тұр. Қытайлық данышпандар оны тіпті электрқозғалтқышымен жабдықтаған. 

Бір қызығы, темекі қораптарынан жасалған көлік түпнұсқасынан айнымай тұр.

 

Bugatti Veyron из сигаретных пачек
Bugatti Veyron из сигаретных пачек
Bugatti Veyron из сигаретных пачек

 Суреттер: rulevoe-koleso.ru