- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Тек 20 данасы...
Тек 20 данасы ғана шығатын Ламборджини Sesto Elemento көлігі
Жақында шетел ақпараты Ламборджини компаниясының жаңа үлгідегі Сесто Элементо көлігі туралы ақпарат жариялады. Бұл көлік биыл базарға салынатын болып, бар-жоғы 20 данасы ғана құрастырылады екен.
Сесто Элементо көлігінің бұрынғы көліктерден ең басты айырмашылығы көлік сапасының арттырылуы мен қауіпсіздігі екен.
Тағы бірі, көлік ішіндегі орындықтарды өз ыңғайыңызға қарай орналастыруға болады.
Бұл көлікке бұрынғыдай-ақ 5.2L, V10 моторы орнатылған. Ең жоғары энергиясы 570 ат күшіне тең. 4 дөңгелек бірдей тартатын, 6 цилиндрлі жылдамдық ауыстырғыш қолданылған. Жалпы салмағы 999 kg. 100 km жылдамдыққа бар-жоғы 2.5 cекундта жетуге болады. Ең жоғары жылдамдық 322 km/h.
Биыл жыл соңына дейін жалпы 20 данасы ғана құрастырылатын көліктің әрбірінің бағасы 2 миллион евро болмақ.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек