- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Солтүстік Америка көлік...
Солтүстік Америка көлік жәрмеңкесіндегі көліктер
Әлі де жалғасып жатқан Солтүстік Америка көлік жәрмеңкесінде тағы да біраз көліктер жарияланды. Төменде солар жайлы қысқаша мәлімет аласыздар.
Audi көлік компаниясы бұл жолы бензин моторлы SQ5 3.0TFSI көлігін жариялады. Бұл көлік бұдан бұрын да жарияланған, бірақ дизел моторлы болатын. 100km/h жылдамдықты 5.3 секундта иегереді. Ең жоғарғы энергиясы 354 ат күшіне тең. Ең жоғары жылдамдығы 250km/h.
Бұл жәрмеңкеде жұрт назарын аударған тағы бір көлік Linkoln MKC. Бұл көлік бұрын-соңды ақпарат бетінде қылаң бермеген. Тұңғыш рет жарияланып отыр. Орындық, есік қаптамасы теріден тоқылатын көлік келесі жылдан бастап Азия елдеріне де енетін болады. Мотор қысымы жағынан төрт дөңгелек бірдей сүйрейтін 1.6Т немесе 2.0Т моторы орнатылған.
Осыдан бұрын біраз сайттарда жоба суреттері жарияланған BMW M6 Gran Coupe көлігі бұл жәрмеңкеде ресми ортаға шықты. Бұл көлік 100km/h жылдамдықты 4.2 секундта игереді. Автокөліктің сыртқы пішімі өте көркем, жалпы бұл компания туы астындағы M6 көліктерінің ішіндегі 4 есіктісі осы ғана. Мотор қысымы жағынан бұл көлікке 4.4L қос силиндрлі мотор орнатылған. Ең жоғарғы энергиясы 560 ат күшіне тең. Ең жоғарғы жылдамдығы Ең жоғарғы жылдамдығы 305km/h. Бұл көлікке үшінші дәуір BMW iDrive жүйесі орнатылған.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: leftlanenews.com, drive.ru, insideline.com
Қ. Қауымбек