- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Параллель паркингтен рекорд...
Параллель паркингтен рекорд жаңартылды
Қытайлық Хан Юэ пареллель паркингтен рекорд орнатты. MINI Cooper S автомобилін мінген ол өз көлігінен не-бары 15 см-ге ұзынырақ кеңістікке еппен кіргізе алды.
Бұған дейінгі рекордтың иесі неміс Ронни Вешельсбергер еді. Бұл азамат Volkswagen Polo автомобилін өз машинасынан 26 см ұзын аймаққа кіргізе алған.
Хан Юэның рекорд орнату сәті
Бұдан соң, бұл нәтижені қытайлық Чжэн Да Зонг, кейін итальяндық Патрик Фолько жаңартқан еді. Ақыры не керек, рекорд тағы да қытайлықтардың еншісінде кетті.
Дәл бұндай кеңістікке машинаны қою әлбетте оңай іс емес. Бұл адамнан нестандартты ойлауды қажет етеді. Мысалы дәл осындай түрде машинаны қою үшін жүргізуші жақсылап екпін алып, содан соң, қол тормозы арқылы күтілген нәтижеге жете алады.
Бірақ бір айта кетерлік нәрсе мынау. Рекорд орнату кезінде паркингтің айла-тәсіліне ешкім мән бермейді. Бастысы жүргізуші мақсатына жете алса болды. Сонымен қатар көрші автомобильдерге де зақым келмеуі керек.
Тым кішкентай кеңістіктің себебінен бұлай қойылған автомобильді орнынан шығару мүмкін емес.
сурет: vk.com, vaz2101.org.ua