- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Қытайлар иттің алғашқы...
Қытайлар иттің алғашқы клонын жасады
Ғылымның клондау саласы жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді. Осы уақытқа дейін Қытай 13 торайды клондап шығарған болатын. Жақында Sinogene компаниясының зерттеушілері тарихқа алғашқы болып енетін генді модификацияланған клонды итті дүниеге әкелді.
Клондалған ит бигль тұқымдасына жатады, есімі – Лун Лун. Төртаяқты адамның досы тін жасушаларын клондау арқылы алынған. Бұл әдісті қолдану кезінде жасушаның ядросынан ДНҚ алынып, оны жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы, ұрғашы жануардың ішіне еңгізеді. Осылайша, табиғи жолмен дүниеге келеді.
Қытай бұл технологияны Оңтүстік Кореядан кейін қолға алғанымен, жетістіктерге қол жеткізуде. Өйткені олардың клоны алғаш рет гендік нокаутты жүзеге асырды. Гендік нокаут – ағзаның жарамсыз гендерді ерікті түрде жойып жіберетін генетиканың әдісі. Осылайша, болашақ клонға керекті қасиеттерді іріктеп, керек емесін алып тастауға болады.
Т. Есқали