- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Криштиану Роналдудың ең...
Криштиану Роналдудың ең үздік 7 көлігі
Криштиану Роналду - тек қана әлемнің ең үздік футболшысы емес, сонымен қатар жылдам әрі сәнді көліктердің бағалаушысы. Оның гаражынан түрлі маркалы көліктерді табуға болады. Назарларыңызға мадридтік «Реалдың» жұлдызды ойыншысының ең танымал көліктерін ұсынамыз.
Audi RS6 Avant
«Алтын доптың» екі мәрте иегері жарасымды киініп, сәнді көлік мінгенді ұнатады. Роналдудың гаражында көліктер топтамасы жеткілікті болса да, мадридтік «Реалдың» демеушісі Audi компаниясы Audi RS6 Avant маркалы тағы бір тамаша көлікті сыйға тартты. Көптеген жанкүйерлер мұндай «сыйлықты» армандаудың өзінен қорқады. Роналду бұл көлікті өзінің ең үздік көлігі деп атауы екіталай. Себебі, Audi-дің өзінен бірнеше есе мықты, атақты қарсыластары жетерлік...
Ferrari LaFerrari
Мұндай көлікті алған адам екінші сатуға қия алмайды. LaFerrari-дің әлемде жарты мыңдай ғана иесі бар. Сол санаулы адамдардың бірі мадридтік «Реалдың» жетінші нөмірлі ойыншысы болғаны таңғалдырады. Жылдамдығы жоғары қызыл Ferrari 7 секундта 200 км/сағат жүре алады. Бұл – жүз метрлікті Криштианудан сәл ғана бұрын бағындырады деген сөз.
Audi R8
Жылдам жүретін Audi R8 5.2 FSI Quattro Криштианудың қолына оңай тимеген. Бұл көлік футболшыны «Трансформерлер», «Темір адам» немесе «Мен құлтемірмін» атты танымал кинолардан кейін қызықтыруы мүмкін. Не болса да «жұлдызды ойыншыға» «жұлдызды көлік» дәл келді.
Bugatti Veyron
Бұл көлікті аңыз десек те болады. Оның жылдамдығы өте жоғары. Әрине, әлемдегі ең мықты, ең жылдам көлікке жатпайды. Десек те «алтын доп» иегеріне мұндай көліктің иесі болу міндетті секілді. Роналду бұл көлікті жарнама түсірілімдерінің бірінен кейін сатып алды.
Lamborghini Aventador
Криштиану «итальяндық құтқарушыны» өз туған күніне тарту етті. Ай өтпей жатып командаласы Пепенің туған күніне дәл осы Aventador-ды мініп бармақшы болады. Алайда қырсыққандай көлігі орта жолда сынып қалады. Көліктің қай жерінен ақау табылғаны бізге белгісіз, бірақ Роналду енді қайтіп бұл маркалы көлікке жоламасы анық.
Ferrari 599 GTB Fiorano
Роналду бұл көлікті «қызыл сойқандардың» сапында ойнап жүрген кезде сатып алды. Көп уақыт өтпей көлік апатына ұшырап, келеңсіз жағдай орын алады. Бұл жағдайдан кейін дәл осы үлгідегі екі көлік пайда болды деген ақпарат тарайды. Роналду ойланбастан бірін сатып алады. Ал екіншісі командаластарының қалжыңдап сыйға тартқан ойыншық көлігі еді.
Хэтчбек Mercedes-Benz C-Class
Рейтингтің соңына, яғни жетіншісі ретінде дәл осы маркалы көлікті ұсынамыз. Жетінші нөмірлі ойыншы өзінің танымал маркадағы алғашқы көлігін жақсы танитын шығар.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: kolesa.ru
Ш. Талап