Автокөліктерді әдемілеумен айналысатын дубайлық «Cars Coin» компаниясы қымбат көлік мінген автосүюшілерге көлігінің одан да сәулетті болуына көмектесетін қызмет ұсынып отыр. Енді көлік құралын мыңдаған мәнетпен қаптауға болады. Осыдан соң, автокөлік гауһармен әшекейленгендей жарқырап тұрады. Мәселен, компания қызметкерлерінің жасаған соңғы жұмысын айтар болсақ, ол БАЭ-нің 57 412 ескі дирхамымен қапталған «Range Rover 2013».
Дубай мен Абу-Даби қалаларында «Ferrari» немесе «Porsche» көліктерінің соңғы нұсқасымен біреуді таң қалдыру өте қиын. Себебі, қала көшелерінде мұндай көліктердің жүздеген түрі жүр. Көлікті алтын фольгамен қаптау да ескірген мода болып саналады, дегенмен кейбір аса дәулетті адамдардың көліктері мұндай қаптамамен бірнеше рет қапталған.
«Cars Coins» шеберлері әр мәнетті жылтыратып, оларды көлікке қолмен жапсыруға бірнеше апта жұмсаған. Осылайша, сәулетті джип жалтылдаған кузов пен өз салмағына қосылған 170 келіні иемденді. Қолданыстан шыққан ескі мәнеттерді қолдану себебі, олардың ешкімге қажеті жоқтығында, сондықтан оларды көліктен ешкім жұлып алмайтын болады.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Сауд жастарының адам түсінбес хоббиі жайлы жазған болатынбыз.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: drunov.ru