Жапондық Toyota компаниясы 2012 жылдың автокөлік өндірушілерінің арасынан көшбасшы болып танылды. 2012 жылы компания әлемге 9,7 миллион көлік сатқан екен. Бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға көп деген сөз.
Осылайша, Toyota АҚШ-тың General Motors компаниясын басып озды. General Motors өткен жылы 9,2 миллион көлік сатыпты. Үздік үштікті Volkswagen AG көлікконцерні иеленіп отыр. Ол 2012 жылы 9,07 миллион көлік сатқан.
Айта кетейік, General Motors 2008 жылға дейін 77 жыл көлік нарығында көш бастап келді. Көшбасшылық орынды 2011 жылға дейін Toyota алмастырды. Жалпы компания тұтынушыларының саны негізінен Саmry седанының соңғы үлгісі мен Lexus маркалы көліктер арқасында өсіп отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: top-tuning.ru