Automotive News-тің хабарына сүйенсек, Шевролет автокөлік компаниясы келер жылы жаңа үлгідегі Малибу (malibu) көлігін қайта өзгертіп жасайтынын мәлімдеген. Бұл жаңа үлгіге жаңа түрдегі жобалау техникасы пайдаланылған. Көліктің сыртқы формасына көптеген өзгерістер енгізілетін секілді.
Малибу (malibu) 2012
Малибу (malibu) 2013
Шевролет компаниясының директоры Dan Akerson ақпарат қабылдау мәжілісінде, 2013 жылдың соңына қарай жаңа үлгіні жариялайтынын мәлімдеген. Бұл көлікке 2013 жылдық Traverse және 2014 жылғы жобадағы Lmpala көліктерінің ауа өткізу терезесі орналастырылады.
Малибу (malibu) 2014
Dan Akerson сөз арасында, Шевролет Малибу көлігі өте тамаша өнім екенін, болашақта зор деңгейдегі сатылымға ие болатынын ескертіп өтті. Бұған қарағанда компанияның бұл көлікке деген сенімі зор. Қазірше ішкі құрылғылары жөніндегі мәліметтер жарияланбаған. Алдағы көлік базарындағы бәсекеде қандай нәтиже көрсететінін тек уақыт дәлелдейтін болады.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com