Жылдың ең қымбат жол апаты

Жылдың ең қымбат жол апаты

Жапониядағы жол апатында 14 автомобиль қирап, көлік иелері біраз сергелдеңге түсті. Бұл оқиғаның басқа апаттардан ерекшелігі оның "бағасында". Анықтап түсіндіріп өтелік.

Жол апатына ұшыраған көліктердің барлығы дерлік қымбат, қарапайым адамның қолы жете бермейтін бағалы автолар. 8 Ferrari, 2 Mercedes, 1 Lamborghini...

Сонымен қатар, Toyota Prius пен Nissan Skyline-ды да қырсық шалыпты. Жүргізушілердің ешқайсысының өміріне қауіп төнген жоқ. 10 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түссе, қалғандарына жүректерін жаулаған үрейден артық зиян келмепті.

п

Апаттан келген шығынның көлемі анық айтылған жоқ. Дегенмен бұл оқиғаны жылдың ең қымбат көлік апаттарының қатарына ойланбастан жатқыза беруге болатындығы анық. Көліктердің көпшілігінің жөндеуге келмейтіндей жағдайға түскендігін де айта кетелік. 

н

Оқиға Ferrari жүргізушісінің ылғал асфальтта автоны басқара алмай қалғандығының себебінен болыпты. Жол апаты Жапониядағы Кюсю қаласы мен Хиросима елді мекені арасындағы трассада орын алды.

г

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: auto1news.ru, drivers-blog.ru, rgvktv.ru