HONDA «Civic Sedan» көлігінің ең жаңа нұсқасы

HONDA «Civic Sedan» көлігінің ең жаңа нұсқасы

Жақында HONDA автокөлік компаниясы өзінің жеке интернет сайтында жаңа типті «Civic Sedan» автокөлігінің суреттерін жариялаған. Сондағы хабарламада бұл көлік Лос-Анджелес автокөлік жәрмеңкесінде тұңғыш рет таныстырылады екен. Көліктің негізгі құрылғысында өзгеріс жоқ. Бұл жаңа нұсқа 29 қарашадан бастап АҚШ базарларында сатылымға шығады.

(Осы типтегі ескі нұсқа Civic Sedan)

Бұл компания көліктің тек екі дана суретін жариялаған. Бұрынғы осындай нұсқадағы көлікке қарағанда бұл жаңа нұсқаның жобалануы өзгеше. Алдыңғы бөліктегі ауа өткізгіш терезе U формасында жасалған. Сыртқы көрінісі көркем әрі салауатты. Ал алдыңғы және артқы шырақтарының жобасына үлкен өзгерістер енген. Және өзгеше түс қосылған. Бұдан сырт дөңгелектің жобасы да өзгеше. Көптеген көлік әуескерлерінің сайтта жариялаған бұл суреттерге деген пікірі жоғары екен. Жаңа заманға сай келбет пен салауат тоғысқан бұл көлік алда өзіне тән ерекшеліктерін әйгілейтін болады дейді сайт хабарында.

(ең жаңа нұсқа)

Көліктің мотор және басқа да ерекшеліктері жайлы хабар әлі де құпия. Ал автокөлік әуескерлерінің пікіріне қарағанда бұл көлікке көне нұсқадағы 1.8L табиғи газ моторы орналасуы мүмкін екен.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: edmunds.com

Қ. Қауымбек