- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Ең улы көлік...
Ең улы көлік салондары
Ecology Center компаниясы 200-ге жуық көлік салонын тексерістен өткізді. Тексеріс мақсаты салондар жасалған материалдардың улы не улы емес екенін анықтау. Нәтижесінде адам денсаулығына қауіпті көлік салоны Mitsubishi Outlander үлгісіне тиесілі болса, экологиялық таза көлік салоны ретінде Honda Civic танылды.
Химиялық және улы заттардың жоғары концентрациясы жаңа сатып алынған көлік салонында қатты байқалатынын сіз бен біз жақсы білеміз. Бұған қоса, улы компоненттердің булануы жабық кеңістікте адамның денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайдың қатерлі ісікке де әкелуі ғажап емес.
Басқару рөлі, құрылғылар тақтасы мен басқа да құрамдас бөліктер қандай материалдардан жасалғанын ешкім ескермейді екен. Көп жағдайда сатып алушылар осындай заттардың қандай ауруларға әкеліп соқтыратынын білмейді де. Улы заттардың ішіне бромин, хлорин, қалайы мен ауыр металдарды жатқызуға болады.
Сондықтан да, Ecology Center компаниясы ең танымал көлік салондарын зертханалық тексеруден өткізген. Мүмкін бұл жағдай автоәуесқойлар үшін маңызды ақпаратқа айналып, автоөндірушілердің экологиялық таза материалдар қолдануына әкелетін болар.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, ең улы салондар мына көліктердікі:
1. 2011 Mitsubishi Outlander Sport
2. 2011 Chrysler 200 SC
3. 2011 Kia Soul
4. 2011 Nissan Versa
5. 2011 Mazda CX-7
6. 2012 Hyundai Accent
7. 2011 Chevy Aveo5
8. 2011 Kia Sportage
9. 2012 VW Eos
10. 2012 Mini Cooper S Clubman
Экологиялық таза көлік салондары мыналар:
1. 2012 Honda Civic
2. 2011 Toyota Prius
3. 2011 Honda CR-Z
4. 2011 Nissan cube
5. 2012 Acura RDX
6. 2012 Acura ZDX
7. 2012 Audi S5
8. 2011 Smart Coupe
9. 2011 Toyota Venza
10. 2011 Smart Passion
Дереккөз:s2.mediakadr.ru
Сурет:autojazz.ru