Америкалық зерттеушілер әлемдегі ең сенімді көліктердің тізімін жасап шығарды. Сарапшылар көліктердің бұл көрсеткішін 2012 жылы көлік жөндеу орталықтарының көмегіне жүгінген 100 көлікті тексеру нәтижесінде есептеген. Зерттеуге 37 мың автокөлікші қатысқан.
Зерттеу қорытындысы бойынша, АҚШ-тағы ең сенімді көлік болып Lexus маркасы танылды. 2012 жылы осы брендтің 100 данасында 71 рет қана техникалық көмек көрсетілген. Екінші орынға 100 көлікке 94 сынық көрсеткішімен Porsche көлігі орналасты. Үшінші орында Lincoln және Toyota брендтері. Сарапшылардың есептеуі бойынша, олардың 100 данасына 112 мәрте жөндеу жасалған. Ал ең сенімсіз көлік ретінде 100 көлікке 220 шағым нәтижесімен Land Rover көлігі танылды.
Жалпы орта есеппен 100 көлікке 126 сынық тіркелген екен.
J. D. Power and Associates компаниясы түзген автокөліктердің сенімділік рейтингісі
Марка
100 көлікке шаққандағы жөндеу орталықтарына жүгіну саны
Марка100 көлікке шаққандағы жөндеу орталықтарына жүгіну саны
Lexus 71 GMC 134 Porsche 94 Scion 135 Lincoln 112 Nissan 137 Toyota 112 Infiniti 138 Mercedes-Benz 115 Kia 140 Buick 118 Hyundai 141 Honda 119 Audi 147 Acura 120 Volvo 149 Ram 122 MINI 150 Suzuki 122 Chrysler 153 Mazda 124 Jaguar 164 Chevrolet 125 Volkswagen 174 Ford 127 Jeep 178 Cadillac 128 Mitsubishi 178 Subaru 132 Dodge 190 BMW 133 Land Rover 220
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: autonews.autoua.net