Ең сенімді көліктердің тізімі жасалды

Ең сенімді көліктердің тізімі жасалды

Америкалық зерттеушілер әлемдегі ең сенімді көліктердің тізімін жасап шығарды. Сарапшылар көліктердің бұл көрсеткішін 2012 жылы көлік жөндеу орталықтарының көмегіне жүгінген 100 көлікті тексеру нәтижесінде есептеген. Зерттеуге 37 мың автокөлікші қатысқан. 

Зерттеу қорытындысы бойынша, АҚШ-тағы ең сенімді көлік болып Lexus маркасы танылды. 2012 жылы осы брендтің 100 данасында 71 рет қана техникалық көмек көрсетілген. Екінші орынға 100 көлікке 94 сынық көрсеткішімен Porsche көлігі орналасты. Үшінші орында Lincoln және Toyota брендтері. Сарапшылардың есептеуі бойынша, олардың 100 данасына 112 мәрте жөндеу жасалған. Ал ең сенімсіз көлік ретінде 100 көлікке 220 шағым нәтижесімен Land Rover көлігі танылды.

Жалпы орта есеппен 100 көлікке 126 сынық тіркелген екен. 

J. D. Power and Associates компаниясы түзген автокөліктердің сенімділік рейтингісі

Марка

100 көлікке шаққандағы жөндеу орталықтарына жүгіну саны

Марка

100 көлікке шаққандағы жөндеу орталықтарына жүгіну саны 

Lexus 71 GMC 134
Porsche 94 Scion 135
Lincoln 112 Nissan 137
Toyota 112 Infiniti 138
Mercedes-Benz 115 Kia 140
Buick 118 Hyundai 141
Honda 119 Audi 147
Acura 120 Volvo 149
Ram 122 MINI 150
Suzuki 122 Chrysler 153
Mazda 124 Jaguar 164
Chevrolet 125 Volkswagen 174
Ford 127 Jeep 178
Cadillac 128 Mitsubishi 178
Subaru 132 Dodge 190
BMW 133 Land Rover 220

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: autonews.autoua.net 

Б. Қосмағамбет