«Millward Brown» компаниясы түзген рейтинг бойынша Жапонияның «Toyota» маркасы үшінші жыл қатарынан ең қымбат автокөлік бренді ретінде танылды. Бір жыл ішінде брендтің бағасы 2 пайызға түсіп кеткенмен, өз орнын сақтап қалып отыр.
«Toyota» автокөлігі брендінің бағасы 28,913 миллиард долларға бағаланған. Десе де бұл баға 2014 жылдың есебінен 2 пайызға аз. Әлемдегі ең қымбат көлік маркаларының көшін бастап тұрған Toyota-дан кейінгі орынға немістің «BMW» бренді орналасыпты. Өткен жылғымен салыстырғанда 2%-ға өскен көлік брендінің құны 26,349 миллиард долларды құрап отыр. Үштікті тағы бір неміс автокөлігі «Mercedes-Benz» (21,786 миллиард доллар) қорытындылаған.
Ең қымбат автокөлік брендтерінің ондығы:
1. Toyota — 28,913 миллиард доллар
2. BMW — 26,349 миллиард доллар
3. Mercedes-Benz — 21,786 миллиард доллар
4. Honda — 13,332 миллиард доллар
5. Ford — 13,106 миллиард доллар
6. Nissan — 11,411 миллиард доллар
7. Audi — 10,127 миллиард доллар
8. Volkswagen — 9,283 миллиард доллар
9. Land Rover — 4,987 миллиард доллар
10. Lexus — 4,329 миллиард доллар