Жуырда автоөндіруші компанияларға ең көп шығын әкелген модельдер белгілі болды. Сәйкес рейтингті британдық BersteinResearch аналитикалық агенттігінің мамандары жасап шығыпты.
Мамандардың айтуынша, белгілі бір модельге қатысты айтарлықтай шығындар өте сирек кездеседі екен. Дей тұрғанмен, кейде мұндай жағдайлар болатын көрінеді. Аналитиктердің айтуынша, бұған әдетте екі себеп бар: біріншіден, концепт пен сериялық автокөлік арасындағы технологиялық айырмашылықтың тым көп болуы, екіншіден, нарықта сұранысқа ие болмай қалуы.
Бірінші мысалдың үлгісі ретінде жалпы шығын бойынша рейтингте жеңімпаз атанған Smart ForTwo көлігін айтуға болады. Daimler компаниясы жаңа платформадағы үш жаңа қозғалтқышы болатын автокөлікті жасап шығуға шамамен 3,5 миллиард доллар бөлген екен және ол айтарлықтай қымбат та бола қоймаған. Бірақ бірінші концепттен сериялық нұсқаның шығуына дейін арада бес жыл уақыт өткен.
Өз кезегінде, Fiat Stilo, Renault Laguna, Peugeot 1007 және Jaguar X-Type модельдері де мақсатты аудиторияның көңілінен шықпаған, соның салдарынан сатылымы өте төмен болған.
Назарларыңызға британдық аналитиктердің ойынша, ең көп шығын әкелген он модельді ұсынамыз. Айта кетсек, аталған тізімде Maybach көлігі жоқ. Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылдың ақпанындағы есептеулерге сәйкес, әр сатылған «Майбахтан» Daimler компаниясы шамамен 500 мың доллар жоғалтып отырған болатын.
Жалпы шығын
Шығарылған жылы
Модель
Шығын
1997-2006
Smart Fortwo
$4.54 млрд
2001-2009
Fiat Stilo
$2.85 млрд
2001-
Volkswagen Phaeton
$2.7 млрд
2004-2009
Peugeot 1007
$2.56 млрд
1997-2004
Mercedes A-класса
$2.32 млрд
2005-2013
Bugatti Veyron
$2.3 млрд
2001-2009
Jaguar X-type
$2.3 млрд
2006-2012
Renault Laguna
$2.09 млрд
2000-2005
Audi A2
$1.93 млрд
2001-2009
Renault Vel Satis
$1.61 млрд
Әр сатылған көліктен пайда болған шығын
Шығарылған жылы
Модель
Шығын
2005-2013
Bugatti Veyron
$6257374
2001-
Volkswagen Phaeton
$38079
2001-2009
Renault Vel Satis
$25355
2004-2009
Peugeot 1007
$20842
2000-2005
Audi A2
$10206
2001-2009
Jaguar X-type
$6350
1997-2006
Smart Fortwo
$6056
2006-2012
Renault Laguna
$4806
2001-2009
Fiat Stilo
$3697
1997-2004
Mercedes A-класса
$1954
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: auto.mail.ru