«Focus2Move» сараптамалық орталығы 2016 жылдың басынан бері ең көп сатылған автокөліктердің рейтингін жариялады. Нәтижесінде ең көп сұранысқа ие темір тұлпарлардың көшін «Toyota Corolla» бастап тұр.
Соңғы жылдары «Toyota Corolla» әлемде ең көп сатылатын автокөліктердің ішінде көш тізгінін бермей келеді. 2016 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары арасында бұл автокөліктің 945 812 данасы сатылған. Жапондық темір тұлпардың сатылым көрсеткішін өткен жылғымен салыстырғанда (969 500 автокөлік) аз да болса төмендеген.
Ең көп сатылымға ие көліктер рейтингін 2015 жылмен салыстырғанда, алғашқы бестікте өзгерістер орын алмаған. Тек сұраныстарының пайыздық мөлшерлемелері төмендеген. Олай болса ең көп сатылатын автокөліктердің ондығымен таныс бола отырыңыздар.