- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Ең қауіпті көпірлер...
Ең қауіпті көпірлер
Ескі, тар немесе тым биік көпірлер адам өміріне қауіпті болуы мүмкін. Төменде аса қауіпті болса да, әлі күнге дейін қолданыста тұрған көпірлерді ұсынамыз. Жергілікті тұрғындардың бұл көпірлерді қолдануының басты себебі: екінші бетке өтуге басқа жолдардың немесе көпірлердің болмауы.
Taman Negara Ұлттық Саябағы, Малайзия
Саябақтың ішінен ешқандай тасжол мен асфальтталған көпірді кездестіре алмайсыз.
Эгюий-дю-Миди, Франция
Монблан тауының шыңында орналасқан Эгюий-дю-Миди көпірінің биіктігі - 3842 метр.
Трифт көпірі, Швейцария
Титлис тауындағы Трифт көпірі теңіз деңгейінен 3041 метр биіктікте орналасқан, ұзындығы 100 метр.
Loboc аспалы көпірі, Филиппин аралдары
Бұл көпір әбден ескірген, тіпті, жай соққан самал желдің өзіне қозғалады екен.
Kakum Ұлттық Саябағы, Гана
Саябақта осындай көпірлердің жетеуі бар. Олардың жалпы ұзындығы 330 метр, ал биіктігі 30 метр.
Hussaini аспалы көпірі, Пәкістан
Пәкістандықтарға 1978 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан көпір 2011 жылы маусымдық дауыл тұрғанда қирап қалған деседі.
Ghasa көпірі, Непал
Үй жануарлары тар жолдармен өтіп, жолаушыларға кедергі келтіргенде қабылданған шешім: малды көпірмен айдап өту. Сондықтан мына ұзын көпірді кесіп өту бақытын жануарлармен де бөлісе аласыз.
Carrick-a-Rede Rope көпірі, Ұлыбритания
Бұл көпірге 250 жыл болған, жергілікті балықшылар жартасқа балық аулауға бару үшін жасаған. Көпірдің ұзындығы 20 метр, ал ені 1 метр.
Ал сіз «ұшатын көпір» туралы естіп пе едіңіз? Әлемдегі ең ерекше 25 көпір туралы ше?
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: lifeglobe.net
Y. Smaghul