- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Ең жылдам көліктер...
Ең жылдам көліктер
Әлемдегі ең жылдам көліктердің бірін иеленуге қалтамыз көтермесе де, қай көліктің ең жылдам екенінен хабардар болып, кішкене армандауға әзірге ешкім тыйым салмады. Назарларыңызға 2012-2013 жылдардағы ең жылдам көліктер тізімін ұынамыз: бұл арнайы жасақталмаған, сериялы модельдер, нарықта бар өлшеулі максималды жылдамдығы бар көліктер. Кейбір суперкарлардың жылдамдықтары бірдей болғандықтан, кейбір орындарды бірден екі, тіпті үш көлік бөліседі.
I орын
Bugatti Veyron Super Sport
Максималды жылдамдығы -429 км/сағ, 100км/сағ-қа 2,4 секундта қарқындайды. Көліктің 8 литрлік W16 қозғалтқышында 1200 ат күші бар. Құны – 2,4 миллион доллар. 2007 жылдың наурызында Bugatti Veyron біріншіліктен айырылып қалған болатын, алайда, көп кешікпей Bugatti Super Sport нұсқасын шығару арқылы өзіне көшбасшылық позицияны қайтарып алды. Қазіргі таңда бұл көлік ең қуатты автолардың бірі. Қарапайым Бугатти Вейрон сипаттамасы мынадай: максималды жылдамдығы – 407км/сағ, қозғалтқыш – 1001 а.к., құны – 1,7 миллион доллар.
II орын
Hennessey Venom GT
Максималды жылдамдығы – сағатына 418 км, 100км/сағ-қа 2,5 секунд ішінде екпіндей алады. 6,2 литрлік V8 қозғалтқышта 1200 ат күші бар. Базалық құны – 950 мың доллар. Bugatti Veyron Super Sport-тың басты бәсекелесі саналатын Hennessey Venom GT екінші орынды Koenigsegg Agera R-мен бөліседі.
Koenigsegg Agera R
Максималды жылдамдығы – 418км/сағ, 100км/сағатқа 2,9 секундта екпіндейді. Көлікке 5 литрлік V8 қозғалтқышы (1099 ат күші бар) орнатылған. Базалық құны – 1,6 миллион доллар.
III орын
SSC Ultimate Aero
Максималды жылдамдығы – сағатына 413 км. 100км/сағатқа 2,7 секунд ішінде екпіндейді. Көлікте 1183 ат күші бар. Құны – 654 400 доллар. 2007 жылдың наурыз бен 2010 жылдың шілде айлары аралығында бұл көлік әлемдегі ең жылдам болып есептеліп, Гиннесс рекордтар кітабына енді. SSC Ultimate Aero рейтингтің үшінші орнын 9ff GT9-R-мен бөледі.
9ff GT9-R
Максималды жылдамдығы – сағатына 413 км. 100км/сағатқа 2,9 секундта екпіндейді. Қозғалтқыш – 4 литрлік V6, 1120 ат күші бар. Құны – 695 мың доллар. Porsche 911 негізінде құрастырылған модель 20 дана шығарылды. Ал оның «келбетін» тапсырыспен жасауға болады.
IV орын
Saleen S8 Twin-Turbo
Максималды жылдамдығы – сағатына 399 км. 100км/сағатқа 2,8 секундта екпіндейді. Алюминийден жасалған V8 қозғалтқышта 750 ат күші бар. Аталған көліктің құны – 555 мың доллар.
V орын
Koenigsegg CCX
Agera R-ның ағасы саналады. Максималды жылдамдығы – сағатына 394км. 100км/сағатқа 3,2 секундта екпіндейді. V8 қозғалтқышта 806 а.к. бар. Құны – 545 568 доллар.
VI орын
McLaren F1
ХХ ғасырдың ең жылдам суперкары. Оның есіктері жарғанаттың қанаттарына ұқсас келеді. Көліктің максималды жылдамдығы – сағатына 386 км. 100км/сағатқа 3,2 секундта екпіндейді. Көлік BMW S70/2 қозғалтқышымен (V12) жабдықталған. Құны – 970 мың доллар.
VII орын
Zenvo ST1
Максималды жылдамдығы – сағатына 374 км. 100км/сағ-қа 2,9 секундта екпіндейді. 7 литрлік V8 қозғалтқышта 1104 ат күші бар. Бастапқы құны – 1 225 000 доллар. Дат өндірушілері аталған көліктің жалпы 15 данасын жасаған.
VIII орын
Gumpert Apollo
Максималды жылдамдығы – сағатына 362 км. 100км/сағ-қа 3,0 секундта екпіндейді. 4,2 литрлік V8 қозғалтқышта 650 а.к. бар. Құны – 450 мың доллар. Ешкім әлі тексеріп көрмеген, бірақ, өндірушілердің айтуынша, Apollo-ны туннельде «аяғымен жоғары» кейпінде сағатына 305 шақырым, тіпті одан да жоғары жылдамдықпен жүре алады екен.
Noble M600
Максималды жылдамдығы – сағатына 362 км. 100км/сағ-қа 3,7 секундта екпіндейді. Екі турбиналы 4,4 литрлік V8 қозғалтқыштың қуаты 650 аттың күшімен тең келеді. Бастапқы құны – 330 мың доллар.
IX орын
Aston Martin One-77
Максималды жылдамдығы – сағатына 354 шақырым. 100км/сағ-қа 3,4 секундта екпіндейді. 7,3 литрлік V12 қозғалтқышта 750 ат күші бар. Құны – 1 850 000 доллар. Әдемілік пен күшті көрсететін көліктің жалпы 77 данасы шығарылған (көліктің аты да осыған байланысты «One-77»). Әлемдегі ең жылдам көліктер топтамасының тоғызыншы орнын аталған көлік тағы да екі суперкармен бөледі:
Ascari A10
Максималды жылдамдығы – сағатына 354 шақырым. 100км/сағ-қа 2,8 секундта екпіндейді. BMW-нің 5 литрлік V8 S62 қозғалтқышында 625 ат күші бар. Көлік құны – 650 мың доллар. Компания Банберидегі ағылшын фабрикасында осындай автокөліктің 50 данасын шығаруды жоспарлап қойған.
Lamborghini Aventador
Максималды жылдамдығы – сағатына 354 шақырым. 100км/сағ-қа 2,9 секундта екпіндейді. 12 цилиндрлі қозғалтқыш қуаты 700 ат күшімен тең. Көлік моделіне 1993 жылы қазан айында Сарагоса аренасында шайқасқан әлемдегі ең жүйрік бұқаның аты берілген.
X орын
Pagani Zonda Cinque Roadster
Максималды жылдамдығы – сағатына 349 шақырым. 100км/сағ-қа 3,4 секундта екпіндейді. V12 AMG қозғалтқышында 678 ат күші бар. Автоның құны – 1,85 миллион доллар. Қазіргі таңдағы суперкарлардың ішіндегі әдемісі және де бірегейі саналатын Pagani Zonda Cinque Roadster аз сериялы көлік болып есептеледі: бар болғаны 5 данасы шыққан.
Ferrari Enzo
Максималды жылдамдығы – сағатына 349 шақырым. 100км/сағ-қа 3,4 секундта екпіндейді. 12 цилиндрлі F140 қозғалтқышта 660 ат күші бар. Құны – 670 мың доллар. Зауыттан шыққан 399 көліктің біреуі жол апатына түскен сайын, қалған автокөліктердің құны одан әрі көтеріле түседі.
Jaguar XJ220
Максималды жылдамдығы – сағатына 349 шақырым. 100км/сағ-қа 3,8 секундта екпіндейді. V6 қозғалтқыш қуаты 542 аттың күшімен тең келеді. Оның құны 650 мың АҚШ долларын құрайды. 1992 жылы жасалынған суперкар әлі де әлемнің ең жылдам көліктерінің қатарында.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: a777aa77.ru, bugaga.ru, allcarz.ru, wallpapers-hq.ru
Ж. FM