- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Ең жылдам жүргізуші...
Ең жылдам жүргізуші
Алғашқы көлік пайда болғаннан бастап, темір тұлпардың тізгінін ұстаған кім-кім де үлкен жылдамдықпен жүйткуді армандайды. Бірінші автокөліктердің максимал жылдамдығы сағатына 4 шақырым болса, қазіргі заманауи үлгілердің жылдамдығы тіпті 400 ш/сағ асып түседі. Бірақ, бұл да адамдарға аз боп көрінді. Автоәуесқойлар қалай болғанда да жарық жылдамдығын асырып кетуді ойластырып, бұл мақсатты 1997 жылдың 17 қазанында іске асырған.
Рекордтың авторы - ағылшын әуе-әскери пилоты Эндри Грин. Бұл қиын жобаны іске асыру үшін арнайы реактивті қозғалтқыштары бар көлік құрастырылып, бұл «зымыранмен» Эндри сағатына 1229,78 шақырым жылдамдықпен жүрді. Жарық жылдамдығын асыру үшін сынақ полигоны ретінде Невада штатындағы құрғап қалған көл түбі пайдаланылды.
Массасы 10 тоннадан асатын «зымыранды» «жүгірту» үшін қуаттылығы 110 мың а.к. тең екі "Роллс-Ройс" қозғалтқыштары пайдаланылды.
Осылайша, Энди Грин жарық жылдамдығымен таласқан адамдардың көшін бастады.
Көліктер тақырыбын форумда талқылай аласыз
Суреттер news.drive.com.au сайтынан