Lexus компаниясы жақында LF-CC көлік түрін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл көліктің алғашқы нұсқасы көлік жәрмеңкесінен сәтті өтсе, ары қарай өндіру жұмыстары жалғаса бермек. Компанияның мәлімдемесіне сай бұл жаңа көлік 2015 жылдан бастап базарға салынады екен. Оған RC350 деген ат берілген.
Көліктің сыртқы көрінісіне көптеген өзгертулер енгізілген. Ауа өткізу терезесінің аумағы кең әрі бұл көлік бітіміне ерекше салтанатты сән қосып тұр. Алдыңғы үлкен шырақ та барынша жіңішкелікпен жобаланған. Осы типтегі көліктің үсті ашық нұсқасы да жобалану үстінде екен.
Ал ішкі құрылысы жағынан ең жаңа техника қолданылған. Орталық басқару жүйесіне үлкен экран қойылған. Ең жаңа техникалық құрылғылар орнатылған. Қызыл қоңыр орындық түсі мен көлік ішінің безендірілуі жүргізушіге өзгеше салауат, жанға жайлы көңіл-күй мен алаңсыз сезім сыйлайды екен.
Бұл жаңа көлік үлгісінің мотор және ішкі құрылғылары жайлы хабарламалар әлі жарияланбаған. Дегенмен, компания бұл жобаның ең озық үлгідегі көлік болатынына сенімді.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com