- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Ең аз бұзылатын...
Ең аз бұзылатын автокөліктердің тізімі жария болды
Америкалық J. D. Power and Associates агенттігі АҚШ-тағы ең қауіпсіз автомобильдердің рейтингін ұсынды. Мұндай зерттеуді компания 27-ші рет жүргізіп отыр, - деп хабарлайды AutoNews.ru.
Тізім 2013 жылы шығарылған көлік иелерінен сауалнама алу арқылы жасалды. Жүргізушілерден соңғы 12 айда көлігінде қандай ақаудың болғаны сұралған. Сенімділік көрсеткіші марканың 100 автомобилінде болса анықталады.
Рейтингте бірінші орынды Lexus автомобильдері алды (брендтің 100 көлігінде 95 ақау шыққан). Екінші орында Porsche (97 ақау), Buick үшінші орында келеді (106 ақау). Одан кейінгі орындарда Toyota (113) мен GMC (120).
Сарапшылар АҚШ жүргізушілерінің көп жағдайда көліктің сыртқы бетіндегі ақауларға байланысты шағым айтатынын атап өтті. Ал қозғалтқыштағы және трансмиссиядағы ақаулар азайған. Ұялы телефонға Bluetooth арқылы жалғау кезінде шығатын жарамсыздықтар жойылмай отыр екен. Сауалнамаға қатысқандардың бір бөлігі аудипжүйенің дұрыс жұмыс істемейтінін, навигация қызметінің бүліне беретінін, климат-бақылаудың істен шығатынын және ақпараттық-ойын-сауық жүйесінің сенімсіз екенін атаған.
2015 жылдың жазында компания америкалықтардан қандай көліктің үздік екенін анықтау үшін сауалнама жүргізіпті. Сауалнамаға 85 мың жүргізуші қатысқан. Оның қорытындысына сәйкес, Porsche иелері өз көліктерін үздік деп санайды екен. Неміс маркасы мүмкін болған 1000 ұпайдан 874 ұпай алды.
Дереккөз: tengrinews
Y. Almabek