Массагет оқырмандарына әлемдегі ең алғашқы аэродинамикалық автомобиль туралы әңгімелеп берсек деп отырмыз.
Бұл автомобиль бір жағынан сүңгуір кемеге ұқсаса, екінші жағынан судың тамшысына келіңкірейді. 20 ғасырдың басында құрастырылып шыққан бұл машина шамамен сағатына 139 км жолды жүріп өте алатындай жылдамдыққа ие болды. Аэродинамикалық автомобильдердің алғашқы прототипінің авторы - граф Марк Рикоттихо еді. Өнімді құрастырып шыққан - Alfa Romeo компаниясы.
ALFA 40/60 HP
20 ғасырдың басында бұндай жылдамдыққа қол жеткізу үлкен жаңалық болатын. Оның үстіне қозғалтқыш та әлсіз еді (70 л.с./52кВт). ALFA 1914 40/60 Aerodinamica деп аталған автомобильдің салоны ұшақты еске салатын. Жүргізушінің орны салонның қақ ортасына орналасты. Машинаның алдыңғы жағындағы "туннельде" радиатор орын тепті. Сол кезеңдердегі ALFA-ның басқа өнімдері секілді бұл автомобильдің қозғалтқышы үлкен ( 6082 куб. см.) әрі 4 клапанды болды.
ALFA 40/60 HP
Өкінішке орай, бұл итальяндық өнім өндіріске шыққан жоқ. Тарихшылардың айтуынша, үлгі экономикалық тұрғыдан тиімсіз болғандықтан, көпшілікке тарамаған.
сурет: newstex.ru