- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Елімізде ең көп...
Елімізде ең көп ұрланатын көліктер
Соңғы уақытта Қазақстанда көлік ұрлығы жиілеп кеткендіктен, көптеген БАҚ көздері елімізде ең көп айдап әкетілетін көліктердің тізімін жариялаған. Ұрылардың ең жақсы көретін маркасы – жапондық Toyota. Бұл туралы бірнеше ірі сақтандыру компаниялары мәлімдеген. Ең көп ұрланатын көліктер тізімінің екінші сатысында - немістің Mercedes-Benz маркасы. Немістің тағы бір өндірушісі осы қара тізімге түсіп қалған болатын. Рorsche маркалы көліктердің иелері де өз темір тұлпарларын қалайша қорғай алатынын білмей отыр. Ресей көліктері де назардан тыс қалмады. Осы көліктер халық арасында үлкен сұранысқа ие болғандықтан, ұрылар «жигули», «ГАЗдарды» айдап әкетіп, бөлшектеп сатады екен. Көбінесе ұрланатын көліктер 1991-1998 жылдары конвейерден шыққандар. Көліктерге байланысты қылмыстың екі түрі болады: айдап әкету және ұрлау. Егер қылмыскер көлікті айдап әкетуді көздесе, көліктің иесіне қайтарылу ықтималдылығы әлдеқайда жоғары. Өйткені, қылмыскердің басты мақсаты – темір тұлпарды уақытша айдап әкету. Қылмыскердің мақсаты көлікті сатып, пайда көру болса, онда темір тұлпардың қожайынына қайтарылуы туралы ұмытуға болады. Елімізде соңғы 5 жылда 2246 көлік ұрлығы мен 7818 айдап әкету фактісі тіркелген. Статистикаға сүйенсек, көлік ұрлау қылмысы жыл сайын қарқынды түрде өсіп жатқанын байқауға болады. Айдап әкетілетін көліктердің 75-80 пайызы қожайындарына қайтарылса, ұрланған темір тұлпарлардың 45-50 пайызы ғана иелеріне қайтарылады. 2003 жылы 386 көліктің 99-ы Қарағанды облысында ұрланса, 177 жүргізуші өз көліктерін қайтара алмады. 2004 жылы ұрланған көліктердің саны 412-ге дейін жетіп, 222 қылмыстық факті шешілмей қалған. Айдап әкету фактілеріне келетін болсақ, 2003 жылы 1406 темір тұлпардың 198-і иелеріне қайтарылмады. Келесі жылы айдап әкетілген көліктердің саны 1788-ге жетсе, оның 385-і иелеріне қайтарылмады. Сонымен, елімізде ең көп айдап әкетілетін көліктердің тізімі төмендегідей:
1. Toyota
2. Mercedes Benz
3. Porsche
4. «Ваз»
Сурет blogomobile.net сайтынан алынған