Cadillac ELR автокөлігінің алдын-ала сынақ мезгіліндегі суреттері жарияланды. Энергия жұмсау уақыты біршама ұзартылған, электр энергиясымен қозғалатын бұл көлік алда Detroit автокөлік жәрмеңкесінде жарияланады екен.
Бұл көлік Converj көлігі негізінде жасалған. Ең жаңа таныстырылған суретке қарап солай деп айтуға болады. Мұның ішінде көліктің сыртқы қыр сызықтары тым айқын көрінеді. Сондай-ақ бұл сызықтар көлікті тыныш тұрған сәтте де қозғалып тұрған секілді әсер етеді.
Бұл көлікке электр энергиясы арқылы қозғалатын құрылғылар орнатылған. Бұл Volt көлігінің жасалу жолымен бірдей. 16KW батареясы қосылған. Жоғары деңгейдегі электр мотор қолданылған.
Батареяның энергиясы жоғары кезде ELR электр моторы арқылы қозғалады. Ал батарея энергиясы тым әлсіз болған кезде бензин мотор іске қосылып, батареяны электр энергиясымен қуаттап отырады. Жол жүру барысында зарядталған электр моторы бірте-бірте іске қосылатын болады. Барлық қозғалыс барысында электр мотормен от алатындықтан, бензин мотор тек электр моторға ток жеткізу жұмысын ғана атқарады.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com