- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Дүниежүзіндегі ең өтімді...
Дүниежүзіндегі ең өтімді автокөліктер
Британдық Auto Express көліктер баспасы әлемдегі ең көп сатылған автокөліктердің тізімін жариялады. Сатылған көліктер саны ондаған миллионды құрып, дүниежүзінің жер-жеріне таралған. Бұл үлгілер көлік индустриясының дамуының көрсеткіші ретінде танылады. Сонымен автоөндіріс тарихындағы ең көп сатылған көліктердің тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
Тізімдегі бірінші көлік - Toyota Corolla. Бұл көлік үлгісі Жапония елінде сонау баяғы 1966 жылдан бері қазіргі таңға дейін өндіріліп келеді. Барлық сатылған көліктердің саны шамамен 35 миллионды құрап отыр. Corolla атауы кішкентай тәж дегенді білдіреді. Бұл үлгі өзіне тиеселі тәжін алған сияқты. Қазақстанда бұл көлік өте үлкен сұранысқа ие.
Ең көп сатылған көліктер тізімінің екінші сатысында Ford F-Series пикап шанағындағы үлгі орналасқан. Көлік өндірісі 1948 жылы басталып, қазіргі таңда осы үлгінің 33,9 миллион данасы жарық көрген. Британияның өзінде бұл үлгі өте әйгілі көліктердің бірі болып табылады.
Тізімнің үшінші сатысында әйгілі Volkswagen Golf. Қала көшелерінен бұл көліктің алғашқы үлгілерін бүгін де кездестіре аламыз. Естеріңізге сала кетейік, бұл үлгі «Әлемнің жыл көлігі» атты атағына ие болған еді. 1974 жылдан бері бұл үлгінің 27,19 миллион данасы сатылған болатын. Күні бүгінге дейін бұл неміс үлгісі әлемдегі ең әйгілі көліктердің бірі болып табылады.
Немістің тағы бір үлгісі тізімді толықтырып тұр. Бәрімізге танымал Volkswagen Beetle алғашқы нұсқасында да ең әйгілі көліктердің қатарында еді. Арзан, әдемі көліктің жарық көруіне Гитлер мен Porsche компаниясының негізін қалаушы Фердинанд Порше өз үлестерін қосқан болатын. Бұл көліктің алғашқы үлгісі 1938 жылы жарық көрген. Сол уақыттан бері әлемде осы үлгінің 22,6 миллион данасы сатылған еді.
Ең көп сатылған көліктер тізімін Ford Escort тәмәмдап отыр. Escort - Ford компаниясының T үлгісінен кейінгі ең көп сатылған көлік. Бұл көліктің өндірісі 1967 жылы басталып,осы үлгі бүкіл Еуропа жеріне таралған. 1981 жылы осы үлгі АҚШ нарығына шығып, сол кездегі жапон көліктерімен бәсекеге түскен болатын. Ford Escort тарихында бұл көліктің 16,5 миллион данасы жарық көрген.
Суреттер likecarcom.com сайтынан алынған