"Бүкіләлемдік жыл көлігі" белгілі болды

"Бүкіләлемдік жыл көлігі" белгілі болды

Нью-Йоркте өткен моторшоуда "Бүкіләлемдік жыл автомобилі" анықталды. Бірінші орынға Volkswagen Golf көлігінің жетінші буыны ие болды. Авто осылайша бәсекелестері Mercedes-Benz A-Class, Porsche Boxster/Cayman және Subaru BRZ/Toyota GT86 модельдерін басып озды. Айта кетелік, бұған дейін «Гольф» еуропалық "Жыл автомобилі" конкурсының жеңімпазы атанған болатын.

Үздік спорттық көлік категориясында Porsche Boxster/Cayman топ жарды. Бұл категорияда бұдан бөлек Ferrari F12berlinetta және Subaru BRZ/Toyota GT86 бақ сынаған болатын.

пр

Porsche Boxster

Ең стильді көлік атағы Jaguar F-Type-ке бұйырды. Авто бұл номинацияда Aston Martin Vanquish және Mazda6-ны басып озды.

п

Jaguar F-Type

ап

Tesla Model S

Жылдың "жасыл" көлігі конкурсында Tesla Model S-ке көшбасшылық бұйырды. Бұл номинацияда бұдан басқа Renault Zoe және Volvo V60 Plug-in Hybrid Diesel автолары болды.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: bnews.kz, auto.fishki.net

Massaget