Бүгінгі таңдағы ең қымбат брендтер

Brandirectory онлайн-энциклопедиясы бүгінгі таңдағы ең қымбат 500 брендтің рейтингін жариялады. Компаниялардың құндылықтарын анықтауға негіз болған негізгі өлшем компанияның кірісі мен өзі иемденбеген брендке төлейтін жалпы сомасы болды.

Брендтер бойынша көш басында Apple компаниясы тұр. Одан кейін екінші, үшінші орындарды Samsung Group, Google компаниялары өзара бөліскен.

Мемлекеттер бойынша бірінші орында алпауыт компанияларымен танымал АҚШ болса, екінші орында Toyota, Mitsubishi және Honda секілді ірі компаниялары бар Жапония тұр.

Алғашқы бестікте Германия, Франция, Ұлыбритания елдері орналасқан. Экономикалық қуаты мықты саналатын Қытай мемлекеті болса, алтыншы орыннан көрінді. 

Бағасы едәуір өсіп, жоғарыға қарай көтерілген брендтердің ішінен Verizon (10-нан 5-інші орынға), Nike (60-тан 35-інші орынға) және Allianz (75-тен 38-інші орынға) компанияларын атап өткен жөн. Төменге құлдилаған брендтердің ішінде Shell (12-ден 18-інші орынға), Home Depot (18-ден 25-інші орынға) және Marlboro (57-ден 81-інші орынға) компаниялары бар.

 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru