Элон Маск — инновация технологиясының алыбы. Ол электромобиль нарығын қалыптастырып, Күн электр энергиясын қамдау саласында төңкеріс жасады. Маск Марсқа мақсатты зымырандарды жіберіп, Қызыл ғаламшарды адам баласының отары етпек. Технологияның келесі ағымы мен болашақты болжай алатын инженер-миллиардердің ұшатын көліктерге қатысты пікірі өзгеше екен. Нақтырақ айтар болсақ, ол болашақта ұшатын көліктердің қолданылатынына күмәнмен қарайтынын айтады. Неліктен?
Ендеше, Элон Масктің АҚШ-тілшісі Нил де Грасс Тайсонға берген сұхбатына көз жүгіртсек:
Бізге ұшатын көліктер қажет пе, әлде жоқ па? Алдымен осыған қатысты ойымызды толықтырып алуымыз керек. Егер көліктер ұшатын болса, біздің қозғалысымыз үш өлшемді әлемге ауысады. Көліктер абайсызда үстіңізге құлап кетуі мүмкін және оның қозғалысы үнемі ауа райына тәуелді болмақ. Дегенмен, дамыған заманда көлігіңіз автоматты жүйемен өзін-өзі басқаруы мүмкін. Оның өзінде де автономды тәртіп сіздің қауіпсіздігіңізді толық қамтамасыз ете алмайды. Себебі көлігіңізге өзге көлік соқтығысуы ықтимал.
Мұндай проблемалардың шешімі қала ішінде құрылатын транспорт туннельдері болуы мүмкін. Дегенмен ол да тек үлкен агломерациялы қалаларда ұтымды болады. Ал кіші қалашықтарда шақырымдап туннель салу кез келген дамыған елді шығынға батырады. Егер соның өзінде туннельдер салынып, ұшатын көліктер жолға қойылар болса, бүкіл әлемде көлік кептелісі жоғалары сөзсіз. Туннельдер тіпті ауа райына да тәуелді болмайды.
Ұқсас жазбалар:
Алексей Беляков: «Элон Маск инженер емес, ол болашақты болжай алады
Америкалық миллиардер Элон Маскті жетістікке жеткізген бес жоба