Британдық каскадердің ерлігі өткен аптада әлем назарын аударды. Каскадер Темза өзенінің үстінен темір арқанмен тартылған 240 метр жолды 3 минутта жүріп өткен.
Ол жүрек жұтқан каскадер кім десеңіздер, Джеймс Бонд, Джейсон Борне және Индиана Джонс туралы фильмдерде небір бас айналдыратын трюктарды жасаған британдық Джим Даудел. Джим бұл трюкті жаңа Jaguar XF автокөлігімен жүзеге асырды.
«Кино әлеміндегі 35 жылдық тәжірибемде трюк жасауға ең көп қолданылған көліктерімнің ішінде Jaguar маркасы көш бастап тұр. Бірақ бұл жолғы сынақ өзгелерден әлдеқайда ауыр болды. Себебі, жылдам соққан желдің әсерінен темір арқандардың шайқалуы мүмкін еді. Сондықтан да, тепе-теңдік пен дәлдікті қатар тізгіндеуге бар күшімді салдым», - дейді Джим.
Жағдайды бақылау үшін метерелог мамандар мен инженер жобалаушылар да оқиға орнынан табылды. Олар соққан желдің жылдамдығын есептеп, ауа райын бақылап отырды. Өзеннің ортасына келгенде каскадер көлікпен бірге суға құлап кетсе, жағдай ушығып кетуі әбден мүмкін еді. Алайда жүрек жұтқан Джим бар қиындықты еңсеру үшін барын салып бақты.
Иә, ендеше қалған қызықты мына видеодан тамашалаңыздар. Қызықтың көкесі үшінші минут орталаған кезде басталатынын естеріңізге саламыз...
Cурет: lh3.googleusercontent.com