Ұлыбританияның BAE Systems аэроғарыштық компаниясы өзінің CV90 әскери танкі мен «Формула-1» құрылымын біріктіре алған. Нәтижесінде аталған танк оқ өткізбейтін әрі ең жылдам әскери соғыс техникасына айналды.
«Формула-1» спорттық көліктерінде қолданылатын технологияның жүйесі танктің соғыс аумағында жылдам қозғалуына мүмкіндік береді. BAE компаниясы жеңіл көліктерде қолданылатын технологияны салмағы 35 тонна болатын танктердің құрылымына бейімдей алған.
Ресми ақпаратқа орай, жаңа технология әскери танкті жоғары жылдамдықпен қамтамасыз етіп қана қоймай, қозғалыс кезінде ұтымды атқылауға да жағдай жасайды.
CV90 оқ өткізбейтін танктерін қолдануды Швеция, Норвегия, Финляндия және Дания, сонымен қатар, БҰҰ мен НАТО елдері мақұлдап отыр.