Америкада ең нашар көлік сатылымға қойылды. Бұл туралы Daily Mail хабарлап отыр.
1962 жылы жүк көлігінің кабинасы мен капоты 1990 жылы шыққан Pontiac Grand Am көлігіне жалғанған. Жалғыз-ақ, екі көлікті де қосып тұрған - қызыл түс.
Және осы гибридтің, яғни буданның бір ерекшелігі - "іске жарап тұрған тірек жастығы" (подушки безопасности) және "жақсы жұмыс істеп тұрған есік тұтқалары". Ал қалған ерекшеліктерін көлік иесі айтудан бас тартыпты. Себебі, әр ерекшелікті айтып отыруға көп уақыты кетеді-міс.
Қазіргі таңда көліктің жүріп-тұруы, максимальды жылдамдығы қанша екені таратылып айтылмауда. Әйтеуір, бір анығы, көлік иесі өз жеке меншігіне ешқандай сауда, келісімсіз 3 мың доллар сұрап отыр.
Сурет:spy.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт