Әр адам шетелге шығып, мәдениетін танып, саяхаттағанды ұнатады. Саяхатшы қыдырып қай қалаға бармаса да ең бірінші көретін жері сол қаланың әуежайы. Сол себепті әуежайдың әдемі, қолайлы, қауіпсіз болуы шарт. Әрбір жолаушы өз ұшағын күтіп, көп уақытын әуежайда өткізетіндіктен, әуежайдың маңыздылығы өте зор. ЛондондағыХитроуәуежайы Жылына69,4 млнжолаушы қабылдайды. Лондон қаласының мэріБорис Джонсонбұл әуежай туристерге Ұлыбритания жайлы жаман көзқарас қалыптастырады десе де,Хитроуәуежайы үздік ондықтың қатарына енді. Хитроуәуежайы сауалнама барысында 5 балдық дауыс беру жүйесінде 4 балға ие болған. Лондон әуежайының басымдылығы: әуежейдың өте қарапайым болуы, әуерейстер жайлы ақпараттардың қол жетімді болуы, қызметкерлкердің жақсы қызмет көрсетуі және т.б. Сонымен қоса, бұл әуежай жылдың ең үздік дүкендері,ең үздік терминалдардеген атаққа қол жеткізді. Халықаралық Ванкувер әуежайы Жылына18 млнжолаушы қабылдайды. Үздік он әуежайдың ішінде ең аз жолаушы қабылдайтынВанкувер әуежайы, өзінің атақты өнер мұражайымен әлемге танымал. Төрт жыл қатарынан Солтүстік Американың үздік әуежайы атағына ие болып келе жатқан бұл орын, аумағын үлкейту үшін жұмсалған1,4 миллиарддоллар ақшаны толықтай ақтап отыр. Сапалы қызмет көрсету жағынанан жоғары бағаланған. Ерекшелігі сол, әуежайдажасыл түсті киім кигенерікті адамдар келген жолаушыларға көмек көрсету арқылы қызмет сапасын артырады. Цюрихәуежайы Жылына24,8 млнжолаушы қабылдайды. ЦюрихәуежайыШвейцарияның ең үлкен және ең көп жолаушы қабылдайтын әуежайы атағына ие. Әуежай 2003 жылы аумағы жағынан кеңейтіліп, жаңа терминалдар қойылды. Сонымен қатар, жолаушыларды қалаға жеткізетінSkymetroатты жерасты поезі іске қосылған. Цюрих әуежайы қауіпсіздігі жағынан және иммиграциялық бақылау тұрғысынан жоғарғы көрсеткішке ие болды. Халықаралық Шоуду әуежайы Жылына78,7 млнжолаушы қабылдайды. Қытай астанасыПекиндеорналасқан.78 миллионғажуық адам қабылдайтын бұл әуежай, жолаушы қабылдау тұрғысынан Атланта қаласындағыХартсфилд-Джексонәуежайынан кейін әлемде екінші орын алады. Әуежайүздік терминалдеген атақты жеңіп алды. ПекиндегіLangham Placeқонақ үйі әуежай қонақ үйлерінің ішінде әлемде екінші сатыда келеді. Халықаралық Токио әуежайы-Ханэда Жылына62,6 млнжолаушы қабыладайды. Жылына90 миллионжолаушы қабылдауға қауқары жететінХанэда әуежайы, 2014 жылдың наурыз айында тағы да әуежай аумағын кеңейтіп жаңа қонақ үйлер тұрғызды. Токио әуежайы тазалығы және жолаушылардың қауіпсіздігі жағынан жоғарғы балға ие болды. АмстердамдықСхипхоләуежайы Жылына49,8 млнжолаушы қабылдайды. Схипхоләуежайы 1916 жылы ашылған. Алғашында әскери әуежай болған. Кейіннен халықаралық әуежайға айналып, әлемде жолаушылар көп қабылдайтын әуежайлардың бірі атанды. Схипхоләуежайының ерекшелігі әрбір жолаушыға өзінің ұшағын күту барысында әуежай ішінде покер ойнауына, массаж қабылдауына не болмаса әуежай кітапханасында кітап оқуына жағдай жасалған. Схипхолөзінің атақты мейрамханаларымен әлемге танымал. Халықаралық Гонконг әуежайы Жылына53,3 млнжолаушы қабылдайды. Әлемніңең жанды әуежайыдеген атаққа ие. Гонконг әуежайы жүкті тез жеткізу жағынан, өзінің тазалығымен, дүкендер және мейрамхана тұрғысынан үздік көрсеткішке жеткен. Жолаушыларға уақыт өткізу үшін гольф ойнаумүмкіндігі жасалған. Мюнхенәуежайы Жылына37,8 млнжолаушы қабылдайды. Германияның жолаушы көп қабылдайтын әуежайларының бірі.Мюнхенәуежайынан әлемдегі ең әдемі терминалдарды кездестіре аласыз. Европанын үздік поезі арқылы әуежайдан қала орталығына дейін 45 минутта жетуге болады. Өзінің атақты мейрамханалары мен сауда орталығы арқылы жоғарғы балл жинаған. ХалықаралықИнчхонәуежайы Жылына39,2 млнжолаушы қабылдайды. Әуежай 2001 жылы ашылған. Оңтүстік Кореяның ең үлкен әуежайында 70-ке жуық әуекомпаниялары қызмет көрсетеді. 2005 жылдан 2012 жылға дейін Инчхон әуежайы әлемнің ең үздік әуежайы деген атаққа ие болған. 2001 жылы наурыз айында ашылған бұл жас әуежайда корей мәдениетінің мұражайы бар. Сыртқы көрінісі, тазалығы, демалыс орны, мейрамханасы және қызмет көрсетуі үшінSkytraxтарапынан үздік балға ие болған. ХалықаралықЧангиәуежайы Жылына46,5 млнжолаушы қабылдайды. Сингапур әуежайының ерекшелігі, бұл әуежайда жолаушылыр үшін ашық бассейн, үлкен табиғи бақ, кинотеатр, балаларға арналған ойын орталығы және т.б. көптеген мүмкіндіктер жасалған. Чангиәуежайы қатарынан екінші жыләлемнің ең үздікәуежайы атағына ие болды. Жолаушылар қауіпсіздігі, иммиграциялық бақылау, тазалығы және т.б тұрғылардан үздік деп танылды.