Бүгінгі әңгімеміз әлемдегі ең үлкен жүк көліктері жайлы болмақ. Өлшемі бойынша ең үлкен көлік атағына Caterpillar 797B ие. Бұл көлік карьерлі самосвал типті машиналардың қатарына жатады. Ең үлкен көліктердің қатарына «Ван Холлдың» жедел жәрдем көлігі, Джей Орбергтің лимузині Bugatti Type 41 «La Royale» мен Knight V джипі кіріп отыр.
Ең үлкен карьерлі самосвалдардың қатарын Caterpillar 797B бастап келеді. Бұл көлік өлшемдері жағынан әлемдегі ең үлкен карьерлі самосвал болғандықтан, әлемдегі ең үлкен көлік атағына ие.
Жүк көтеру көрсеткіші бойынша ең үлкен көліктер тізімінің үшінші сатысында бәрімізге белгілі БелАЗ 75600 орналасқан. Көліктің толық массасы 560 т құрайды. БелАЗ 75600 салмағы 320 т жүкті тасымалдай алады. Қозғалтқыш көлемі 77,6 л құрайтын көлік Cummins компаниясының QSK78 турбодизель үлгісі. Қозғалтқыштың қуаты 3546 а.к. болса, айналу жиілігі 13771 Нм тең. БелАЗдың жанар-жағармай сақтау багінің көлемі 4375 л.
Суреттер bukisa.com сайтынан алынған