Әлемдегі ең қымбат көлік жуу орны БАӘ-де орналасқан

Әлемдегі ең қымбат көлік жуу орны БАӘ-де орналасқан

Көлік жуу жұмысы әр жүргізушінің айына кемінде бір рет болса да жасайтын ісі. Ол үшін әдетте тек су, сабын және шүберек болса, жетіп жатады. Бұл қарапайым халық үшін. Ал араб байлары үшін "темір тұлпарларын" Monza Ultimate Detailing and Protection жуу орнына апару айына бір рет істелетін "міндетті" жұмыс.    

Бұл атақты көлік жуу орнында Lamorghini, Ferrari және Aston Martin сияқты автокөліктерге бір реттік қызмет көрсету құны 15 000 доллардан басталады. Әдеттегі су мен сабын орнына бұл жерде контактісіз нанотехнология, құрамы құпия су, қысым және температура қолданылады.  

Monza Ultimate Detailing and Protection – қызмет көрсетуді ең жоғары сапада жасайды. Қызметкерлер өз жұмыстарында шаң-тозаңдарды тексеру үшін микроскоппен ғана жұмыс жасайды. Яғни сіздің көлігіңіз Monza Ultimate Detailing and Protection жуу орнына келер болса, онда ол зауыттан жаңа шыққандай күйге енеді деген сөз. 

За 15 000 тысяч долларов ваша машина получит целый комплекс спа-процедур 
15 000 долларға машинаңыз толық тазалаудан өтеді

На дубайской автомойке используются бесконтактные нанотехнологии 

Дубай көлік жуу орнында тек контактісіз нанотехнология қолданылады

Особое внимание уделяется уходу за салоном 

Басты назар салон тазалығына аударылады

Все сотрудники автомойки прошли квалифицированное шестимесячное обучение 
Барлық қызметкерлер жоғары дәрежелі мамандар. Олар арнайы алты айлық курстан өтіп, іріктеліп алынған. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rumb.ru

Б. Қосмағамбет