Әлемдегі ең қуатты көлік 2015 жылы шығады

Әлемдегі ең қуатты көлік 2015 жылы шығады

Ағымдағы жылдың сәуір айында автоөндіріс саласына енді еніп жатқан америкалық Trion компаниясының ең қуатты көлік жасап шығарғаны туралы ақпарат тараған болатын. Trion Nemesis деп аталатын суперкар әзірге әлемнің ең ұшқыр әрі қуатты темір тұлпарлары болып табылатын Bugatti Veyron және Koenigsegg One:1 көліктерінің алдын орап кетуді жоспарлап отыр. Содан бері бұл жоба туралы еш ақпарат таралмаған еді.

Енді компания басшылығы Nemesis прототипін келесі жылдың басында таныстыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Ал жаппай өндіріске 2016 жылдан бастап берілетін болады. Супер қуатқа ие Nemesis 2000 ат күшіне ие 9 литрлік V8 қозғалтқышы және екі труба айналдыру құрылғыларымен жабдықталады. Ал оның жылдамдығы сағатына 435 шақырымға дейін жетпек.

Trion Nemesis-тің осындай көрсеткіштермен әлемдегі ең жылдам суперкар атануына толық мүмкіндігі бар. Ол сағатына 100 шақырым жылдамдыққа 2,8 секундта жететін болады. Өндіруші компания суперкарға сегіз деңгейлі секвентальді тасымалдау қорабы қондырылатынын да айтып өтті.

Trion компаниясының жоспары бойынша, көліктің әзірге тек 50 данасы шығарылады. Ал оның бағасы 1 миллион АҚШ долларына тең болмақ.

Сурет: www.autoblog.com