Әлемдегі ең алып жүк кемелері (Фотобаян)

Әлемдегі ең алып жүк кемелері (Фотобаян)

Егер үлкен жүктерді тасымалдау қажеттілігі туса немесе үлкен көлемді жүктерді ұзақ қашықтыққа жеткізу керек болса, жүк кемелері ең оңды таңдау деуге болады (тым баяу болғандығына қарамастан). Жыл сайын мыңдаған жүк кемелері халықаралық саудаға көлемді жүк пен тауарлар айналымын қамтамасыз ету мақсатында теңіз бен мұхитты шарлайды. Сонымен қатар, өте үлкен жүктерді тасымалдауға арналған арнайы жүк кеме-лифттері де бар. Мысалы, мұндай кемелер бұрғылау қондырғылары немесе одан да үлкен әрі ауыр заттарды тасымалдауға арналған. 

Бұдан бұрын біз әлемдегі ең үлкен жүк көліктері жайлы сөз қозғаған болатынбыз, енді назарларыңызға жүк тасымалдау саласындағы алып кемелерді ұсынғалы отырмыз. Мұндай кемелерде әдетте тасымалдауға арнайы жасалған платформа болады. 

Тұңғыш ауыр жүкті кеме MV Lichtenfels болды. Ол 1920 жылы Hansa компаниясымен құрылған еді. Қазіргі таңда әлемдегі ең ауыр кемені Dockwise компаниясы жасаған. Компанияның ең басты клиенттері мұнай өндіру өндірісінің өкілдері.

2004 жылы Blue Marlin кемесі әлемдегі ең үлкен мұнай платформасы мен 60000 тонна болатын бұрғылау құрылғысын тасымалдаған болатын. Ол Корей елінен Техасқа, яғни 15000 (теңіз) миль қашықтықта жүзіп өткен еді. 

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM