Бұл көлік Flatmobile деп аталады. Ал оны құрастырушы адам бұл ғажап техниканы өмірге әкелместен бұрын осы бағытта талай жыл тер төккен. Көлік құралын құрастырып шыққан өнертапқыш Ұлыбританиядан, есімі - Перри Уоткинс (Perry Watkins).
Әлемдегі ең аласа автокөлікті құрастырып шыққан Уоткинс осы салаға өмірінің отыз жылын арнапты. Осы уақыт аралығында ол кейін Гиннестің рекордтар кітабына енген бірнеше ерекше көлік концептілерін жасап шықты. Мысалы 1990 жылдары ол өзінің досымен бірге «IMPRESSED» аталған көліктің концептісін құрастырды. Ал 2001 жылы бір өзі жаңа рекордты тіркеген жаңа көлікті дүниеге әкелді.
Енді міне, әлемдегі ең аласа көлік Flatmobile де көпшілік назарына ұсынылып отыр. Оның биіктігі жарты метрден әрі аспайды. Егер дәлірек айтсақ, 48,3 сантиметр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: mirfactov.com