Американдық жүргізушілердің пікірін негізге ала отырып, ең тартымды көліктердің рейтингісі жасалды. Мұндай зерттеуді J.D. Power and Associates аналитикалық агенттігі жаңа көлік сатып немесе лизингке алған 83 мың адамның арасында сауалнама жасау арқылы жүргізген.
Зерттеуге қатысушылар биылғы жылдың ақпан мен мамыр аралығында көлік сатып алғандардың арасынан ғана таңдалып алынған екен. Агенттік респондеттерге көліктерін үш ай пайдаланғаннан кейін оларды 77 параметр бойынша бағалауды ұсынған. Оның ішінде дизайн, жайлылық, баға, сапа, қызмет көрсету бағасы және де басқа көрсеткіштер болған. Олардың берген жауаптарына қарай көліктер де сәйкесінше 0-ден 1000 ұпайға дейін баға алып отырды.
Анықталғаны 2013 жылы көлік иелерінің көбі Porsche тұлпарына көңілдері толады екен. Бұл автокөлік мүмкін болған 1000 ұпайдың 884-ін жинады. Екінші орын немістің басқа екі маркасына бұйырды. Олар 857 және 854 балл көрсеткен Audi және BMW көліктері. Олардан кейін сәйкесінше 853 және 847 ұпай жинаған Land Rover және Lexus тұр.
Porsche Panamera көлігінің салоны
Бір қызығы үздік бестікке американдықтардың бірде-бір көлігі кірмеген. АҚШ брендтері ішінде жоғары бағаға (541) ие болған Cadillac тек жетінші орынға жайғасты. Сондай-ақ 835 ұпаймен Lincoln тоғызыншы орыннан көрінді.
Одан бөлек сарапшылар өз классындағы үздік модельдерді де анықтаған екен. Олардың ішінде үздіктер болып мыналар танылды: Fiat 500, Chevrolet Sonic (Aveo), Chevrolet Volt, Volkswagen Golf GTI, Lincoln MKZ, Porsche Boxster, Volkswagen Passat, Ford Mustang, BMW 5-сериясы, Mercedes-Benz SL, Dodge Charger, Lexus LS, Buick Encore, Mazda CX-5, Audi Allroad, Kia Soul, Nissan Murano, Porsche Cayenne, Honda Odyssey, Nissan Armada, Chevrolet Avalanche және Ford F250/350.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: allcarz.ru