- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Агент 007 көлігі...
Агент 007 көлігі сатылымға қойылды
Британдық RM Auctions бәссаудасында Джеймс Бондтың субмарина-автокөлігі жуырда сатылымға қойылатын болды. Lotus Esprit суперкарының арнайы нұсқасы «Мені сүйген тыңшы» (Шпион, который меня любил) атты фильмнің түсіріліміне қатысқан болатын. Айта кетсек, агент 007 жайлы осы бір фильмнің басты рөлін Роджер Мур сомдады. Кино экранға 1977 жылы шықты.
«Су Нелли» деп аталатын көлікті түсірілімге америкалық Perry Oceanographic студиясы дайындаған. «Эспритті» толықтай дерлік субмаринге айналдыруға 100 мың доллар жұмсалған. Бұл бүгінгі бағамен салыстырғанда, жарты миллион долларға тең.
Lotus Esprit көлігі сатылымы 8 және 9 қыркүйек күндері Лондонда өтеді. Лоттың бастапқы бағасы әлі белгісіз.
2008 жылы Bonhams бәссаудасында «Мені сүйген тыңшы» фильмінің жол сахналарында түскен 1976 жылғы басқа бір Lotus Esprit сатылған болатын. 111 мың 500 фунт стерлингке сатылған (170 мың АҚШ доллары) спорткардың иесі белгісіз қалуды жөн көрген АҚШ елінде тұратын жеке коллекционер екен.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: motor.ru
Ж. FM