Ағаштан жасалған ең әдемі 5 көлік

Ағаштан жасалған ең әдемі 5 көлік

Франкфуртте өтетін автосалон қарсаңында (12-22 қыркүйек аралығы) бельгиялық дизайнер Эрик ван Хов өміріндегі ең қиын жобасын соңына жеткізіпті. Бұл жоба – 12 цилиндрлік мотордың әртүрлі ұсақ-түйек материалдардан дәлме-дәл көшірмесін жасаудан тұрады.

Үлгі ретінде 400 бөлшекке бөлінген 12 цилиндрлік Mercedes-Benz көлігі алынды. Маракандық 35 шебер әрбір бөлшектің дәлме-дәл көшірмесін жасап шыққан. Барлық өңдеу жұмыстары аяқталған соң, қозғалтқыш қайта жиналды. Қолданылған материалдар тізімінде балқарағай, жаңғақ, сонымен бірге апельсин, лимон және эбен ағаштары болды. Сонымен бірге, құлпырма тас, сиыр мен ешкінің сүйектері, мүйіздері, мәрмәр, гранит, оникс, құм тас, күміс, мыс, алюминий және тағы басқа зат көптеген қажетке жараған. Осылайша, дизайнер Мароккода кездесетін 55-тен астам материалды пайдаланған. Эриктің айтуынша, жобаның мақсаты еуропалық және африкалық дизайн тәсілдерін өзара біріктіру болған. Аталған қозғалтқышты жасап шығуға бөлінген грант Марокко елінде тұңғыш суперкарды жасап шыққан Laraki компаниясы беріпті. 

Ағаштан қозғалтқыш жасау былай тұрсын, толықтай ағаштан жасалған көліктер де бар екен. Назарларыңызға осындай 5 көлікті ұсынамыз.

1. Tryane II

Автокөлікті британдық энтузиаст Френд Вуд жасап шыққан. Өткен ғасырдың 80 жылдары Вуд қарапайым ұста болып еңбек етіпті және бос уақытында ағаш көліктерді жобалаумен айналысқан. Ол мұндай көліктің екеуін құрастырып шығыпты. Біріншісі Tryane I деген атқа ие болған. Ол Citroen 2CV көлігіне негізделе жасалған. Ал Tryane II деп аталатын екінші көлік өзінің егізінен көлік ішін өңдеуге кеткен ағаш мөлшерімен ғана ерекшеленеді. Ал қалғандарына ағаш көлік құрастыру принциптерін меңгеруге кеткен уақытты есептемегенде, 2000 жұмыс сағаты жұмсалған. Автокөліктің максималды жылдамдығы – 160км/сағ.

2. Wooden Citroen


Юст Конейн есімді голландық суретші өзінің ағаш автокөлігін Citroen DS негізінде жасап шығыпты. Көлік құрастыруға негізгі шикізат болған шере француз көлігінің сызбаларын айтарлықтай дәлдікпен қайталайды. Суретшінің қолынан шыққан көліктің түпнұсқасынан жалғыз айырмашылығы тым алға шығып кеткен алдыңғы шамдар ғана. Жалпы Юст Конейн «жасыл» идеясын ұстанады екен және көлікті өзінің азаматтық позициясын білдіру үшін жасап шығыпты (жанармайдан түбегейлі бас тартқан). Ал көлік отынның көмегімен қозғалады екен.

3. LV

Осыдан үш жыл бұрын өткен амстердамдық Millionaire Fair көрмесі аясында көптеген экспонаттар ішінде Opel Asconа негізінде құрастырылған ағаш автокөлік таныстырылған болатын. Аталған көлік екі бөліктен тұрды: сол жақ бөлігі заманауи көлік тәрізді болса, оң жағы – соғысқа дейінгі шығарылған кабриолет. Автокөлікті құрастырған Черновцы қаласының Василий Лазаренко есімді азаматы. Бірақ көліктің корпусы ағаштан жасалынғанымен, оның «ағзасы» толықтай металлдан екен. Көлікті жасап шығуға Лазаренко 7 жыл уақытын жұмсапты. Көліктің максималды жылдамдығы – 160км/сағ.

4. Splinter

2008 жылы Хьюстон қаласы көшелерінің бірінде болған дизайнерлік автокөліктер парадында ағаш көліктің 2 есікті нұсқасы жүріп өтті. Оның құрастырылуына автоқұрастырушы Айзек Коэн еңбегі сіңді. Коэн өзінің 50 жылдық мерейтойына ағаш автокөлік жасап шығуды шешіпті. 1998 жылғы Honda Accord негізінде жасалған модельді дайындауға ол 1,5 жыл жұмсаған екен.

5. Wooden Car


Бұл көлік Chrysler қозғалтқышымен жабдықталған, ал білігі – 1980 жылғы Toyota жүк көлігінікі екен. Қалған барлық бөлшектер ағаштан жасалыпты. Осы бір модельдің дизайны XX ғасырдың алғашқы ширегінде болған американдық көліктер тәрізді. Көлік «автоматты» беріліс қорабымен жүреді-міс.

Дей тұрғанмен, кейбір дизайнер ағашты көлік жасауға лайықты материал деп санамайтын көрінеді. Олар алтыннан жасалған көліктерді артық көреді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: avtoq.com

Ж. FM