Транспорттық жүйенің электлік құрылымға ауысуы жылдам өріс алуда. Tesla Motors компаниясы бұл орайда бірталай жетістікке жетіп үлгерді. Ал іс жүзінде электромобиль автодан жылдам жүре ала ма?
Жылдамдық сүйер қауым осы сынды сұраққа жауап табу мақсатында 691 аттың күшіне тең Tesla P85D электрлі тұлпарын қуаты шамалас келетін Ferrari автосымен жарыстырды. Нақтырақ айта кетсек, АҚШ-тың Калифорния штатындағы Palm Beach International Raceway тасжолында Tesla P85D электромобилі мен Ferrari F12berlinetta моделі жарысқа түскен. Екі мықтының қайсы басып озғанын төмендегі видеодан көре аласыздар.
Tesla көлігі жоғары жылдамдыққа тез ие болғанымен, 6,3-литрлі V12 моторымен жабдықталған Ferrari батарейкамен жүретін көліктен қалып қоймасы анық. Нәтижесінде Ferrari F12berlinetta темір тұлпары Tesla P85D электромобилінен 0,5 секундқа ерте келді.
Италиялық өнім 10,8 секундта сағатына 213,2 шақырым жылдамдыққа жете алған. Ал Tesla 402 метрлік қашықтықты 11,6 секундта (сағатына 185 шақырым) басып өткен. Әйткенмен де, электрокардың мүмкіндігі қуантады. Себебі F12 құнына төрт Tesla P85D сатып алуға болады. Сондай-ақ, отыратын орындықтары көп.
Айта кетсек, Tesla Model S P85D электрокарлары жуырда толығымен автономды жүргізу құрылымына ие болады.
Сурет: өңделген
Оқи отырыңыз:
Ұшатын көліктер екі жылдан кейін жаппай сатылымға шығады
Феррари жайында қызықты фактілер
Porsche электромобильдер нарығына көшеді
iMove (Apple) электромобильдері 2020 жылға қарай шығады