Subaru компаниясы өз көлік маркаларының рекордтық санын жинау арқылы Гиннестер кібатына енуді жоспарлауда. Осылайша жапондар өздерінің 2009 жылғы жетістіктерінен асып түспек. Естеріңізге сала кетсек, Иллинойс штатында орналасқан Итаска қаласына осы брендтің 339 автокөлігі келіп, 6,7 шақырымдық сапарға қатысқан болатын.
Жаңа рекордты 13 шілде күні дәл сол жерде орнатылмақ. Қазіргі таңда «Субару» аталған шараға қатысатындардың тізімін жасауда. Бір көліктің тіркеуден өтуі 10 доллар тұрады. Жиналған қаражаттың барлығы PAW жануарларға көмек көрсету қорына жіберілетін болады.
Маусым айында Гиннесс әлемдік рекордын «Мазда» да орнатты. Нидерландының Лелистаде қаласында өткен шараға 638 MX-5 родстер жиналыпты. Автокөліктер қала төңірегінде 15 шақырымдық қашықтық жүріп өткен.
Сонымен қатар, ең көп жиналған электрокарлар саны бойынша Гиннесс рекордтар кітабына Nissan Leaf көліктерінің иелері енді. Аталған рекорд өткен жылдың соңында орнатылды. Оған жалпы саны 225 жапондық автокөлік қатысқан болатын.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: motordream.uol.com.br