8 жылдық дайындық арқылы «VERITAS RS III» автокөлігі ақыры жасалу басқышына еніп, алғашқы нұсқасы да жарияланып үлгерді. Мұны жасауды қолға алған Германия «Grafschaft-Gelsdorf» зауыты. Осыдан сегіз жылдың алдында жобасы дайындалып, ең алғашқы үлгі суретін жариялағалы бері бұған ешбір елдің көлік жасау компаниясы сатып алуға батылдық етпеген. Тек Германияның «Vermot AG» зауыт бөлімшесі бұл көлікті жасауға дайындалған. Әртүрлі кедергілерді жеңуге сегіз жыл уақыт кеткен. Сонымен «Vermot AG» дің ең жаңа көлігінің алғашқы данасы шығып үлгерді. Талай жылдан бері тұншығып жатқан, көрген жұртты таңғалдырмай қоймайтын көлік жаңа өмірге қадам басты. Бұл көлікке «VERITAS RS III» деген ат берілген. Алда бұл түрдегі көліктер үздіксіз базарға салынатын болады. Бұл компанияның ең алғашқы болып базарға салынатын нұсқасының суреттері назарларыңызда:
Дайындаған: Алшын Матай
сурет: worldcarfans.com