Nissan Patrol буксирлеуден әлем рекордын орнатты

Nissan Patrol джипі ең ауыр объектіні сүйрей алған сериялық нұсқа ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. "Патрол" 170,9 тонналық жүктеулі және толықтай жанармай құйылған жүк ұшағын (Ил-76) 50 метрден асатын қашықтыққа сүйреген. Рекорд Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласындағы әуежайда орнатылды. 

Patrol-дың рекорд орнатуы үшін жасалынған жалғыз нәрсе буксирлеу ілмегі болды. Қалған жағынан аталған көлік өзгеріссіз қалды. Ол 400 ат күші бар V8 бензинді қозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыш көлемі 5,6 литрге тең. 

2007 жылы Volkswagen Touareg ( V10 дизельді қозғалтқышпен) көлігі орнатқан алдыңғы рекордтан "Патрол" 15-тен аса тоннаға асып түсті. Неміс көлігі сол кезде 155 тонналық  Boeing 747-ні сүйреген болатын. Бұған қоса, шиналардың жолмен қажетті деңгейде ұстасуы үшін  "Туарегке" 4345 келі жүк салынған болатын. 

writeFlash({"allowFullScreen":"true","allowscriptaccess":"always","src":"//www.youtube-nocookie.com/v/Wd36Vu3RRSQ?version=3&hl=en_US","allowfullscreen":"true","width":"450","height":"320"});

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: motor.ru