Жуықтан бері көлік жәрмеңкелерінің арт-артынан өткізілуіне байланысты әр елдегі әйгілі көлік компаниялары бәсекеге түсе бастады. Біз сіздерге жуықта ғана жарияланған екі көлікті таныстырамыз.
Мерседес компаниясының А дәрежелі көлігін жариялағалы ұзақ бола қойған жоқ. Осы көлік таныстырылған сәтте бұл компания алдағы уақытта А45 көлігін жариялайтынын айтқан болатын. А дәрежелі көлік бүкіл европа-азия базарларына кірген соң, атаулы компания келесі көлігін жариялай бастады. Бұл көлік жуықта өткізілетін халықаралық көлік жәрмеңкесінде бой көрсететін болады.
Мотор қысымы жағынан бұл көлікке AMG 2.0L қос силиндрлі мотор орнатылады. Ең жоағары энергия күші 360 аткүшіне тең.
AMG 4MATIC құрылғысы және AMG SPEEDSHIFT 7 типті автоматты және механикалық қарқын ауыстырғыш орнатылған. 100km жылдамдыққа 4.6s жете алады. Ең жоғары жылдамдығы 250km/h.
Бұл көлікке де бұрынғыдай А дәрежелі көліктердің жасалу үлгісі бойынша жобаланған.
Бұл көлікпен бірге жуықта Чикаго көлік жәрмеңкесінде Nissan компаниясы да су жаңа көлігін жариялап үлгернді. Дегенмен, бұл ерекше көліктен жалпы 150 данасы ғана шығарылатын болады. Алдағы мамыр айында АҚШ көлік базарында сатыла бастайды.
Бұл саны шектеулі жаңа көліктің аты Nissan GT-R Track. Көлік әуескерлерінің талғамына орай ақ, қара, көк қатарлы бес түсте шығарылған.
Жаңа көлікке 3.8Т V6 типті мотор орнатылған. Ең жоғары энергиялық күші 553 аткүшіне тең.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: motortrend.com